Жамбыл облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 940 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 269-ы ел аумағынан шығарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды. Мамандардың сөзінше, өңірге келушілер ағыны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Толығырақ алдағы сюжетте.

