Қазақстан тарихи маңызды науқанның қарсаңында. Тараз төрінде алдағы республикалық референдумды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Өңірдегі дайындық барысы мен дауыс берушілер үшін жасалатын жағдайлар Орталық референдум комиссиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жан-жақты сараланды.

