Өңірде жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қабырғасында өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов профессор-оқытушылар құрамымен және студент жастармен жүздесіп, саяси жаңғырудың мән-маңызы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

