21 Апр 2026, Вт

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

Тараз қаласындағы №66 орта мектеп негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған екі күндік республикалық әдістемелік семинар өтуде. Алқалы жиынға әдістемелік кабинет мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдерін қосқанда 100-ге жуық маман қатысуда. Шараның ұйымдастырушысы — Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы. Семинардың басты мақсаты — оқушыларды олимпиадаларға дайындау жұмысын жүйелеу және оқу процесіне қолданбалы цифрлық құралдарды енгізу.