21 Апр 2026, Вт

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР — ҚОҒАМ ҚАТЕРІ

Жұқпалы аурулар — қазіргі қоғамның ең басты қатерлерінің бірі. Бүгін Тараз қаласындағы облыстық қан орталығында «Инфекциялық патология және иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Алқалы жиынды облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова ашып, аймақтағы эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесін назарға алды.