Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өнертанушы Жұлдыз Ысқақтың «Жетісу әншілік-жыршылық дәстүріндегі Аяз Бетбаевтың орны» атты кітабының тұсаукесері өтті. Рухани шара Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

