Тараз қаласындағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу орталығында бірнеше буын әскери қызметкерлерінің басын қосқан ерекше кездесу өтті. Әскери бөлімге кезінде осы құрылымның қалыптасуына атсалысқан 90 жастағы отставкадағы офицер арнайы келді. Құрметті қонақты бөлім ұжымы жылы қарсы алып, оған әскери бөлім аумағын аралатты.

