11 Май 2026, Пн

 «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ» — ЕРКІНДІККЕ ҰМТЫЛҒАН ҰРПАҚТЫҢ ҮНІ

Бүгін №5 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында рухани терең, жүрекке жеткен тағылымды кездесу өтті. Шараның басты қонағы – ел жадында сақталған «Желтоқсан желі» әнінің авторы, белгілі композитор Әбірбек Тінәлиев болды. Ол бұл әнді 1986 жылғы 16 желтоқсандағы қасіретті оқиғаны естіген сәтте, жанын күйік кернеген шақта дүниеге әкелген. Ән – сол бір суық күндері алаңға шыққан қазақ жастарының үні, еркіндікке деген аңсауы мен әділетсіздікке қарсы жан айқайы еді.