11 Май 2026, Пн

БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Таразда «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан «Самұрық-Қазына» корпоративтік қорының қолдауымен салынды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Самұрық-Қазына» қорының өкілі Нариман Мелдебек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.