Тазалық – табалдырықтан, ал игі іс – өнегеден басталады. Сенбі күні Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтіп, өңір бойынша 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл шараға мыңдаған тұрғын қатысты. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қаланың жаңа аллеясына ағаш отырғызып, бұл іске өзі тікелей атсалысты.
Ақпараттық порталы

