Жамбыл облысында құрылыс саласына серпін беретін екі бірдей жаңа өндіріс желісі іске қосылды. «Alit Holding» компаниясы заманауи технологиямен жабдықталған мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыттарын таныстырды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров арнайы қатысып, жаңа кәсіпорынның лентасын қиды. 4 миллиард теңге инвестиция салынған жобаның өңір үшін маңызы қандай?

