24 Апр 2025, Чт

ЖАМБЫЛДА 1,4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛДЫ

Биыл Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен   66 987  адамды  қамту жоспарланып отыр. Оларға  4,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. 1 тамызға дейін 8 038  отбасындағы 42 124 адамға 2 110,8 млн теңге тағайындалды. Бұл өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда 2 776 отбасыға аз. Бұл туралы баспасөз алаңында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шаймерденова Әсел айтты.