Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы ақхалаттыларды мерекелерімен құттықтап, олар таңдаған мамандықтың маңыздылығын атап өтті.