26 Апр 2025, Сб

ТАРАЗДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРЛЕРІ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.