19 Июн 2025, Чт

САРЫСУДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жамбыл облысында балалар мерекесіне ерекше назар аударылып,  жаймашуақ жаздың алғашқы күнінде алуан түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның бірі Сарысу аудандық білім бөліміне қарасты Балалар-жасөспірімдер орталығы, Балалар шығармашылығы орталығы және Жаңатас қалалық аула клубтарының, спорт мектебінің ұйымдастыруымен  Орталық саябақта мерекелік іс-шаралар өтті. Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары  Еркебұлан Есмаханов құттықтау сөзімен ашты.