22 Апр 2025, Вт

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЛАСТЫҚТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Ауылдағы оқу ұясында жылу жоқ!  Үшарал ауылындағы 1170 балаға арналған 5 корпусты мектептің балалар 1 бөлігінде ғана оқиды. Себебі жылу жүйесі дұрыс жасалмаған, -дейді тұрғындар. Сондай-ақ, ауыл халқын Таразға таситын аудандық автобус ескі.  Талас ауданына жұмыс сапарымен келген аймақ басшысының Үшарал, Қызыләуіт а/о халқымен кездесуінде бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Аймақ басшысы барлық мәселені назарға алып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.