19 Июн 2026, Пт

Әділдік – Исламның негізгі құндылықтарының бірі

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік-рухани бағыттағы кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфти кеңесшісі, РАНТ мүшесі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы және Жамбыл облысының бас имамы Сатылғанов Асқар Зәкіржанұлы арнайы жұмыс сапарымен қатысты.

Кездесу барысында «Әділдік – Исламның негізгі құндылықтарының бірі» тақырыбында насихат айтылып, әділдіктің адам өміріндегі, қоғамдағы және дініміздегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Дін өкілдері әділдік, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерінің қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар сотталған азаматтармен топтық кездесу өткізіліп, тәрбиелік сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында өмірлік құндылықтарды дәріптеу, заң талаптарын құрметтеу, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу және теріс діни ағымдардың ықпалына ермеу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамда орын алып жатқан жат идеологиялар мен дұрыс емес бағыттардың алдын алу, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және діни сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, олардың дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етті.