19 Июн 2026, Пт

Лудоманияның алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке құрам арасында лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу және оның зиянды салдарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді.

Іс-шараға Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері, әділет капитаны Б.Н. Айнакулов, ҚАЖ департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспектор-полиграфологы, әділет капитаны А. Масатбай, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД санитарлық-эпидемиологы С. Құлбаева қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға лудоманияның қоғамға, отбасыға және қызметтік міндеттерді атқаруға тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпарат беріліп, оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын сақтау, қаржылық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Аталған іс-шараға №59 мекемесінің жеке құрамымен қатар 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері де қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Жиналыс соңында қатысушыларға лудоманияның алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.