"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

1 min read

 

Талас ауданының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде автокөлікті мас күйінде басқару фактісін анықтады. Полиция қызметкерлері Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде  жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВМW 520» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары бұзушының мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны расталды. Сонымен қатар, жүргізуші 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *