ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШІРУДІ ТАПСЫРДЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте жылыту маусымының өту барысы қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатовтың айтуынша, жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде инфрақұрылым нысандарында ауыр апаттар немесе төтенше жағдайлар тіркелмеген.