БІЛІМ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
Жамбылдағы орта арнаулы білім беру ошақтарындағы педагогтардың біліктілігі мен білімі қандай деңгейде? Бір ғана мысал келтірейік. Мәселен, биылғы мемлекеттік аттестаттаудан 32 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткен. Нәтижесінде 5 колледж алғашқы аттестаттаудан өтсе, 27 колледж өтпей қалған. Біліміне білігі жауап бере алмайтын мамандары бар 18 колледжге қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, кемшіліктер жойылыпты. Бұдан бөлек білім беру сапасын арттыру турасында қандай жұмыстар атқарылуда? Тілші жалғайды.