ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ 1044 АДАМ ГРАНТ АЛҒАН
Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Барлық жұмыспен қамту шаралары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылуда. Бұл жайлы баспасөз алаңында басқарма басшысының орынбасары айтты.