ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Таразда Мүгедектер күні қарсаңында 150 орынды Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы ел игілігіне берілді. Еске салсақ, 2019 жылы Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік оңалту орталықтарымен қамту бойынша тапсырма берген болатын. Бұл бойынша Республикадағы 12 қалада дәл осындай орталық салынбақ. Ең алғаш бұл нысан Семей қаласында ашылған. Ал, бүгін Тараз қаласында еліміздегі екінші әлеуметтік оңалту орталығы болып ашылып отыр. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Толығырақ тілші материалында.