10 Май 2026, Вс

«GAKKU QUS» РЕПРОДУКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Тұрар Рысқұлов ауданында «Gakku Qus» асыл тұқымды репродукторының құрылысы басталды. Бүгін кәсіпорын аумағында капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты. Жаңа нысан өңірдегі құс шаруашылығының қозғаушы күшіне айналмақ.