16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

Жас ұрпақтың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау және қазақы құндылықтарды насихаттау мақсатында, бүгін Тараз қаласындағы бірнеше мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы лагерьлерінің тәрбиеленушілері Қайрат Рысқұлбеков саябағында бас қосты. Іс-шара ары қарай балалардың ұлттық рухы мен денсаулығын шыңдауға бағытталған «Ұлттық ойын – ұрпақ саулығының кепілі» атты ауқымды рухани-спорттық мерекеге ұласты.

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Бүгін өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өтті. Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов аймақтың төрт айлық дамуын қорытындылады. Биыл өңір экономикасында айтарлықтай серпіліс бар. Әсіресе, ауыл шаруашылығы қарқынды. Төрт түлік түлеп, мал басы көбейді, тіпті үй құстарының саны бірден 24 пайызға артқан.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің алтын діңгегі, егемендігіміздің айқын айшығы мен ұлттық мақтанышымыз. Көк Туымызды көкте желбіретіп, Елтаңбамызды төрге орнату — тек заң талабы емес, әрбір азаматтың қастерлі борышы. Алайда, осы нышандарды орналастыру мен пайдаланудың өз заңдылықтары мен қатаң техникалық стандарттары бар екенін білеміз бе? Қалалық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуы мен маңдайшалардың эстетикалық талаптарға сай болуын түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Толығырақ келесі сюжетте.

ЖИТЕЛЬ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПОБЛАГОДАРИЛ ПОЛИЦЕЙСКОГО ЗА ПОМОЩЬ В СПАСЕНИИ СУПРУГИ

Житель Жамбылской области выразил благодарность сотруднику полиции, который помог своевременно доставить его супругу в медицинское учреждение. Инцидент произошел во время несения службы старшим инспектором Управления административной полиции Департамента полиции Жамбылской области Жандосом Нарбаевым. Полицейский остановил автомобиль марки Nissan, водитель которого проехал на запрещающий сигнал светофора. Выясняя причину нарушения Правил дорожного движения, сотрудник полиции узнал, что в салоне автомобиля находится женщина, потерявшая сознание. По словам водителя, он спешил доставить супругу в больницу для оказания экстренной медицинской помощи.

РАЙОННЫЙ КОНКУРС СТАРЕЙШИН-БЛАГОСЛОВИТЕЛЕЙ

«Благословением народ процветает, пролитым дождем земля зацветает». В воспитании подрастающего поколения и сохранении национальной идентичности традиции бата — благословения аксакалов — отведена особая роль. Именно на популяризацию этих непреходящих ценностей был направлен районный конкурс старейшин «Батаменен ел көгерер», прошедший в Меркенском Доме культуры. Мероприятие, организованное при поддержке районного акимата и Совета ветеранов, стало знаковым духовным проектом, демонстрирующим пример мудрости для молодежи и глубокое почтение к старшему поколению.

ВЫРАЩИВАНИЕ ШЕЛКОПРЯДА – ПРИБЫЛЬНОЕ ДЕЛО

По инициативе акима района Жибек жолы председатели советов матерей совместно с активными жительницами сельских округов специально посетили шелководческое хозяйство в Байзакском районе. В ходе рабочей поездки они своими глазами увидели, как устроено данное дело, и ознакомились с тонкими нюансами по выращиванию шелкопряда.

ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ — ПРИОРИТЕТНОЕ ВНИМАНИЕ

В Жамбылской области обсудили вопросы военно-патриотического воспитания молодежи. На региональном совещании под председательством заместителя акима области Серика Салемова речь шла о работе военных клубов и качестве подготовки молодежи к воинской службе.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Жамбыл облысының тұрғыны әйелін дер кезінде ауруханаға жеткізуге көмектескен патрульдік полиция қызметкеріне алғысын білдірді.Оқиға қала көшелерінің бірінде Патрульдік полиция батальонының инспекторы Жандос Нарбаевтың қызмет атқаруы барысында болған. Полицей бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен «Nissan» маркалы автокөлікті тоқтатқан.Жүргізушіден жол қозғалысы ережесін бұзудың себебін сұраған кезде, азамат көлікте отырған жұбайының есінен танып қалғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге асығып бара жатқанын айтқан.

АУДАНДЫҚ БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР БАЙҚАУЫ

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер». Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық бірегейлікті сақтауда батаның орны ерекше. Меркі аудандық мәдениет үйінде өткен «Батаменен ел көгерер» атты батагөй қариялар байқауы дәл осы асыл құндылықты ұлықтауды мақсат етті. Аудан әкімдігі мен Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен өткен шара – жастарға ғибрат, үлкенге құрмет көрсеткен айтулы рухани жобаға айналды.

ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ – ТАБЫСТЫ КӘСІП

Жібек жолы ауданы әкімінің ұйымдастыруымен ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары мен белсенді аналар Байзақ ауданындағы жібек құртын өсіретін шаруашылыққа арнайы барды. Іссапар барысында олар кәсіптің қалай жүргізілетінін өз көздерімен көріп, жібек құртын өсірудің қыр-сырымен танысты.