Жас ұрпақтың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау және қазақы құндылықтарды насихаттау мақсатында, бүгін Тараз қаласындағы бірнеше мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы лагерьлерінің тәрбиеленушілері Қайрат Рысқұлбеков саябағында бас қосты. Іс-шара ары қарай балалардың ұлттық рухы мен денсаулығын шыңдауға бағытталған «Ұлттық ойын – ұрпақ саулығының кепілі» атты ауқымды рухани-спорттық мерекеге ұласты.

