«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер». Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық бірегейлікті сақтауда батаның орны ерекше. Меркі аудандық мәдениет үйінде өткен «Батаменен ел көгерер» атты батагөй қариялар байқауы дәл осы асыл құндылықты ұлықтауды мақсат етті. Аудан әкімдігі мен Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен өткен шара – жастарға ғибрат, үлкенге құрмет көрсеткен айтулы рухани жобаға айналды.

