Жамбыл облысының тұрғыны әйелін дер кезінде ауруханаға жеткізуге көмектескен патрульдік полиция қызметкеріне алғысын білдірді.Оқиға қала көшелерінің бірінде Патрульдік полиция батальонының инспекторы Жандос Нарбаевтың қызмет атқаруы барысында болған. Полицей бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен «Nissan» маркалы автокөлікті тоқтатқан.Жүргізушіден жол қозғалысы ережесін бұзудың себебін сұраған кезде, азамат көлікте отырған жұбайының есінен танып қалғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге асығып бара жатқанын айтқан.

