Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің алтын діңгегі, егемендігіміздің айқын айшығы мен ұлттық мақтанышымыз. Көк Туымызды көкте желбіретіп, Елтаңбамызды төрге орнату — тек заң талабы емес, әрбір азаматтың қастерлі борышы. Алайда, осы нышандарды орналастыру мен пайдаланудың өз заңдылықтары мен қатаң техникалық стандарттары бар екенін білеміз бе? Қалалық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуы мен маңдайшалардың эстетикалық талаптарға сай болуын түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Толығырақ келесі сюжетте.

