18 Май 2025, Вс

БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҮЙІРМЕ

Жаз мезгілінде балалардың қабілеттерін дамытуға бос уақыты көбірек болады. Бұл ретте сәндік-қолданбалы өнердің алатын орны ерекше. Қоршаған дүниенің әсемдігін көре және түсіне білу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Солардың бірі Оқушылар сарайында ашылды.