26 Апр 2025, Сб

АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 69-ы  – 2G, 116-і – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен, 182 елді мекен  – жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Жалпы облыстағы барлығы 371 елді мекеннің 191-і  талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілсе, қалған 180 елді мекен қамтылмаған. Бұл жайлы жауапты басқарма басшысы баспасөз алаңында мәлім етті.