Жамбылдағы ҚАЖ қызметкерлері жеке кәсіпкерлерді құттықтады
1 min readЖамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.С. Құрманалиев және мекеменің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны А.К. Кубеева, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының бастығы әділет подполковнигі Аймен Ақылбекқызы Тайтелиеваның жетекшілігімен мекеме аумағында өз өндірісін ашқан жеке кәсіпкерліктердің әйелдер қауымының 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасын өткізді. Кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарға мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.С. Құрманалиевтың бұйрығымен Алғыс хаттармен марапатталды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының бастығы әділет подполковнигі Аймен Ақылбекқызы Тайтелиеваның айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған.
Қазіргі таңда 12 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған дейді әділет капитаны А.Кубеева.
ЖД-158/7 мекемесінің СЕҰТ аға инспекторы
әділет капитаны А.К. Кубеева.