Жамбылда түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты
1 min readАғымдағы жылдың 22-ақпаны күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және қаланың сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Арай мөлтек ауданында құрылыс үйіндісінің астынан пакетке оралған 38 /9мм/ дана, 22 /16мм/, 11дана оқ-дәрілері, 1дана жауынгерлік тапанша 17/9мм/ оқ-дәрілерімен және 1дана жеңіл шулы гранатасы табылды. Аталған оқ-дәрілер мен қару-жараққа арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта мөлтек аудандардағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.
ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлім бастығы
әділет майоры
Т. Ж. Искендиров