1 Май 2025, Чт

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Биылғы жылы Сарысу ауданында 24 500 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 4,5мың га күздік бидай болса, дәл осындай көлемде жаздық арпа , бұдан бөлек, 8 мың га мақсары,1300 га жүгері т.б бақша дақылдары егіліпті. Сондай-ақ, көпжылдық шөптер отырғызылған. Егістік көлемі ауқымды болғанымен, егін бітік шығып, диқандар шаруашылықтың шырайы кіріп жатқандығын айтады. Ен далада егістігін гүлдендіріп, тірлігін түрлендіріп отырған шаруалар мен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тілші матриалы.