2025 жылы аймақ толық әлеуметтік игіліктермен қамтылуы керек. Бұл жөнінде жергілікті атқарушы орган аянбай еңбек етуде. Мәселен, Сарысу ауданында жолдың 90 пайызға жуығы қанағаттандырарлық деңгейде. Ал, келесі жылы тағы 8 елді мекен көгілдір отынды қажетіне жаратуына жұмыс жасалмақ. Сондай-ақ, келер жыл ауданның орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.