Сарысу ауданында өткен жылы 182 азамат қайтарымсыз грант алған. Олар бүгінгі күні өз кәсіптерін ашып, табыс табуда. Ал, биыл ереже өзгерді. Өткен жылы 7 санат бойынша берілген қолдау үстіміздегі жылы 6 санат бойынша беріледі. Өзгеріс- жастар санатының тізімнен шығуы. Оның орнына пилоттық жоба бойынша төмендетілген пайызбен несие берілуде. Жастардың кәсібін қолдау шаралары тілші материалында.