Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов баспасөз алаңында өзі жетекшілк ететін салалар бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері құрылыс саласы бойынша 147,3%, тұрғын үй көлемі 105%, байланыс 111,7%, көлік және қоймалау 92,5% деңгейінде қалыптасқан. Қалған салаларда да қарқынды, іргелі жұмыстар жасалып жатқанын ірікпей айтты.