ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, сатып алулардың сомасына байланысты республикалық, облыстық және аудандық деңгейде анықталған бірыңғай ұйымдастырушылар сатып алуларды жүзеге асырады. Егер де, сатып алулардың сомасы 40 000 АЕК-тен асатын болса, сатып алуды ұйымдастыру облыс бойынша бірыңғай ұйымдастырушыға, одан аспаған жағдайда, аудандық бірыңғай ұйымдастырушыларына жүктеледі.Бұл туралы баспасөз алаңында жауапты мамандар мәлім етті.