9 Май 2025, Пт

ШЕКАРАШЫЛАР САМБО КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗДІ

ҰҚК Шекара қызметі Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының аумағында шекара қызметі әскери қызметшілері арасында ҰҚК Төрағасының орынбасары — шекара қызметі директорының кубогына арналған самбо күресінен республикалық турнир өткізілді.Спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК аумақтық шекара қызметі департаменттерінің 130-ға жуық әскери қызметшісі қатысты. Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша, екі боз кілемде жалғасын тапты.