15 Ноя 2026, Вс

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Қарттарын қазынасына балайтын халқымыз үшін ардагерлерді ардақтау – бабадан жеткен өнеге. 1 қазан – Халықаралық қарттар күнiне орай Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Фарида Жүнісова медицина саласының аңыз тұлғасы, профессор Сағындық Ордабековті арнайы құттықтап барды. Өмір жолын адам жанына араша түсуге арнаған білікті хирургтің ел дамуына қосқан үлесі мен ғибратты жолы – кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі.