15 Ноя 2026, Вс

БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

Жамбыл облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен бизнесті дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар қарқын алып келеді. Жыл басынан бері өңірлік Кәсіпкерлер палатасына жергілікті бизнес өкілдерінен 132 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 еседен астам жоғары. Түскен сауалдардың басым бөлігі білім беру, мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары салаларына қатысты болды.