15 Ноя 2026, Вс

ШУДА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Шу қаласындағы тарихи теміржол вокзалы заманауи кейіпке еніп, жолаушыларға есігін айқара ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған ауқымды жоба сәтті аяқталды. Тозығы жеткен нысанды жаңғыртуға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев,  сала ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.