20 Июн 2026, Сб

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Бүгін өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өтті. Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов аймақтың төрт айлық дамуын қорытындылады. Биыл өңір экономикасында айтарлықтай серпіліс бар. Әсіресе, ауыл шаруашылығы қарқынды. Төрт түлік түлеп, мал басы көбейді, тіпті үй құстарының саны бірден 24 пайызға артқан.