Жамбыл ауданының Аса ауылында жаңадан бой көтерген 120 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жаңа баспанаға 2016-2017 жылдардан бері кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар ие болды. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова қатысты.

