Отбасы — мемлекеттің тірегі, ал бала тәрбиесі — болашақтың кепілі. Бүгін Тараз қаласындағы №64 орта мектебінде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ананың амандығы — баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» атты ауқымды ата-аналар кездесуі өтті. Тәжірибе алмасу форматында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, гаджеттерге тәуелділікті азайту және жазғы маусымдағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Ақпараттық порталы

