Өңірдің экономикалық тұрақтылығын арттыру және өндірісті әртараптандыру бағытында Сарысу ауданында маңызды қадам жасалды. Мұнда «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның күкірт қышқылын өндіретін зауытын іске қосу рәсімі өтті. Аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты. Жылына 800 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы бұл нысан — «ЕвроХим» компаниясының заманауи химия кешенін құруға бағытталған ауқымды инвестициялық стратегиясының негізгі өзегі.
Ақпараттық порталы

