Қызылордада Мемлекет басшысының қолдауымен салынған жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы ашылды. Президент саябағы аумағында бой көтерген жаңа нысан балалардың сапалы демалысы мен жан-жақты дамуына арналған. 10 миллиард теңгеге салынған орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ақпараттық порталы

