15 Ноя 2026, Вс

600 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды. Бүгін Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтерген, құрамында 10 көпқабатты үй бар жаңа тұрғын үй кешенінің кілті салтанатты түрде табысталды. Қоныс той рәсімінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Бұл – өңірдегі тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.