15 Ноя 2026, Вс

МУЗЕЙ ТҮНІ – ТАРИХ ПЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні – 2026» атты ерекше мәдени шара өтті. Ашық есік форматында ұйымдастырылған кеште келушілер музейдің тыныс-тіршілігімен танысып, тарих пен өнерге толы рухани кештің куәсі болды.