Таразда үшінші жыл қатарынан «Менделеев сыныптары» жобасының түлектеріне сертификат табыстау рәсімі өтті. Биыл аталған өңірлік білім беру жобасын облыстағы сегіз мектептің 56 оқушысы сәтті аяқтап шықты. Жаратылыстану бағытындағы жас дарындарды қолдауға бағытталған бұл бастама Дмитрий Иванович Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы филиалы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және «Қазфосфат» компаниясының бірлескен серіктестігі аясында жүзеге асып келеді. Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.
Ақпараттық порталы

